Институт жайлы

 
 
1993 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» №1228 Жарлығына қол қойып, Республикалық құқықтық ақпарат орталығын құрылды;
    «Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулысына сәйкес Кәсіпорын оған «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құрылды және тапсыру актісіне сәйкес оның барлық құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтык ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.
    Кәсіпорын қызметінің мақсаты республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде норма шығармашылық қызметтің тиімділігін арттыру және құқықтық ғылымның рөлін күшейту; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бірыңғай мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз етуге қатысу; Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай деректер базасын жүргізу; компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, құқықтық ақпаратты алуда мемлекеттік органдарға, өзге де заңды және жеке тұлғаларға жәрдемдесуге бағытталған ақпараттық жүйелер қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
    Кәсіпорын қойылған мақсатты іске асыру үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шеңберде нормативтік құқықтық актілерді, заң жобаларының тұжырымдамаларын әзірлеу бойынша ғылыми жәрдем көрсету және оларды ғылыми сүйемелдеуді жүзеге асыру;
  • жүргізілген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыруға бағытталған заңнамалық актілер жобалары мен олардың тұжырымдамаларын әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шеңберде заң шығару бастамасы құқығына ие құқық субьектілері заң жобаларының және заңнамалық актілер жобаларының тұжырымдамаларын әзірлеу кезінде оларға ғылыми жәрдем көрсету;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын (заңнаманы жетілдіру тұжырымдамаларын) әзірлеу;
  • заңнамалық актілер жобаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсету;
  • заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізу (нормативтік құқықтық актілерді талдау) бойынша қызметтер көрсету;
  • Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңнамасына салыстырмалы-құқықтық зерттеулер жүргізу;
  • мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша қызметтер көрсету;
  • кодекстерге және өзге де заңнамалық актілерге ғылыми-практикалық түсіндірмелерді дайындау;
  • Кәсіпорынның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, басқа да заңды және жеке тұлғаларымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге және өзге іс-шараларға қатысу, сондай-ақ осындай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • нормативтік құқықтық актілер жобаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсету;
  • халықаралық құқық саласында мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға ғылыми сарапшылық-консультациялық қызметтер көрсету, сондай-ақ халықаралық қатынастарда Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында оның ғылыми-құқықтық қызметін қамтамасыз ету;
  • заңнаманы және ілеспе құжаттарды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріне аудару бойынша қызметтер көрсету;
  • Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ғылыми мекемелерімен және жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыстарды дамыту, олармен белгіленген тәртіппен ғылыми ынтымақтастық туралы келісімдерді жасау, қажет болған кезде неғұрлым маңызды және күрделі құқықтық актілер жобаларын дайындау үшін отандық және шетел ғалымдарын тарту;
  • Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілуге жататын нормативтік құқықтық актілерді жинау, есепке алу және сақтау және оның деректер базасын қалыптастыру;
  • Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізілуге жататын нормативтік құқықтық актілерді жинауға, есепке алуға және сақтауға және оның деректер базасын қалыптастыруға қатысу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да құқықтық актілерін қамтитын жүйелендірілген және түпкілікті деректер базаларын жергілікті және онлайн режимдерде қалыптастыру, жүргізу;
  • шарт негiзiнде эталондық заңнамалық актiлерді және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, ақпараттық және анықтамалық-әдістемелік материалдарды, оның ішінде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесiн пайдалана отырып, беру;
  • ақпараттық технологиялар саласында қызметтер көрсету;
  • ғылыми қызметті баспаханамен қамтамасыз етуді жүзеге асыру, «Қазақстан Республикасы Заңнама институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналын, ғылыми зерттеулер қорытындылары бойынша баспа өнімін және үлестірме материалдарды, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша талдамалық есептерді, ғылыми-практикалық түсіндірмелерді, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдер материалдарының жинақтарын, монографияларды, оқу құралдарын шығару және дайындау (тираждау);
  • заңнама салалары бойынша тақырыптық жинақтар, Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша анықтамалық-әдістемелік оқу құралдарын басып шығару, сондай-ақ редакциялық-баспа қызметтер көрсетуге қатысу;
  • басқа мемлекеттермен ақпараттық байланыстар және деректер банкісімен алмасуды жүзеге асыру;
  • пайдаланушыларды құқықтық ақпараттың пайдаланылатын жүйелері, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ есептеу желілері мен жүйелерін пайдалану бойынша оқыту;
  • ақпараттық-құқықтық жүйелерді пайдалана отырып, 
  • анықтамалық-консультациялық сипаттағы қызметтер көрсету;
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай деректер базасын қалыптастыру және жүргізу.