"ЗҚАИ" ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалы

You are here

 
Филиал директоры - Черменинов Геннадий Иванович
 
1960 жылы 28 сәуірде Қостанай облысында дүниеге келген.
1981 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін құқықтану мамандығы бойынша үздік белгімен бітірді. Заңгер біліктілігі берілді. Оқуды бітірісімен Қостанай облысы ІІМ органдарының бөлімшелерінде қызмет атқарды.
1994 жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейінгі аралықта «Шарапат» сақтандыру қоғамында заңгер.
1995 жылдың сәуір айының соңынан қазан айына дейін «Игілік банкі» Қостанай филиалының заң мәселелері жөніндегі жетекші маманы, кейін Қостанай облысының Әділет басқармасы жанындағы Аймақтық құқықтық ақпарат орталығының меңгерушісі лауазымына ауыстыру тәртібімен тағайындалды. Осыдан кейін ҚР ӘМ «РҚАО» РМК филиалы – Қостанай аймақтық құқықтық ақпарат орталығының меңгерушісі лауазымына ауыстырылды.
2009 жылдың ақпан айынан бастап ҚР ӘМ «РҚАО» РМК филиалы – Қостанай аймақтық құқықтық ақпарат орталығының директоры.
2019 жылдың маусым айынан бастап – қазіргі уақытқа дейін ҚР ӘМ «ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының директоры.
ІІІ сыныпты әділет кеңесшісі, Қостанай облысы әділет органдарының, Қостанай облысы әкімдігі құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі координациялық кеңестерінің мүшесі.
«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» және ҚР ІІМ органдарында 10 жыл мінсіз қызметі үшін медальдарымен, ҚР Әділет министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Үйленген, екі ұлы және үш немересі бар.
 
 
Байланыс: 
Тел.: +7 (7142)  53-60-13                                                                                         
E-mail: kostanay@zqai.kz   
Мекенжайы: 110003, Костанай қаласы, Майлин көшесі 2/2, 44-каб
Әлеуметтік желіде: