Конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімі

You are here

Конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Байланыс
Телефон: +7 (7172) 74-14-11, 74-14-28, 74-14-10
 
 

Бөлім басшысы - Бағдат Қабылқадырұлы Нұрғазинов

Бөлімнің негізгі міндеттері:
  • конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару саласында заң жобаларының тұжырымдамаларын әзірлеу;
  • заң жобаларының тұжырымдамаларын әзірлеу бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
  • конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • жүргізілген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық актілер мен олардың тұжырымдамаларының жобаларын әзірлеу;
  • жарғылық қызметке сәйкес мәселелерді шешуде көмек көрсету.
Бөлім:
  • кәсіпорынның жұмыс жоспарына сәйкес заң жобалары бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • заң шығару бастамасы құқығы субъектілері бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
  • іргелі және қолданбалы зерттеулерді қоса алғанда, конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару саласында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу;
  • конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға ғылыми сарапшылық-консультациялық қызметтер көрсету;
  • заңнаманы жетілдіру тұжырымдамаларын әзірлеу;
  • өз құзыреті шеңберінде уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; 
  • қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша Институтта өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;
  • бөлім міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.