Азаматтық, азаматтық процесстік заңнама және атқарушылық іс жүргізу бөлімі

You are here

Азаматтық, азаматтық процестік заңнама және атқарушылық іс жүргізу бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
 
Байланыс:
Тел.: +7(7172) 74-14-32, 74-14-25, 74-14-86
 
 
Бөлім басшысы - Киязова Альбина Жомартовна 
 
Бөлімнің негізгі міндеттері:
  • заң жобаларын әзірлеуге қатысу;
  • заңнаманы дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу;
  • азаматтық, еңбек, отбасылық, кәсіпкерлік, корпоративтік, міндеттемелік, экологиялық, жер құқығы, шарттық қарым-қатынас, интеллектуалдық меншік құқығы, азаматтық іс жүргізу, атқарушылық іс жүргізу заңнамасы саласында іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу;
  • жарғылық қызметке сәйкес мәселелерді шешуге көмек көрсету.
Бөлім:
  • жұмыс жоспарына сәйкес заң жобалары бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • заң жобаларына, тұжырымдамаларға, кодекстерге, салыстырмалы кестелерге ұсыныстар мен ескертулері бар заңды қорытындылар жасау, сондай-ақ қарама-қайшылықтар жою бойынша тиісті ұсынымдарды әзірлеу;
  • азаматтық заңнаманы жетілдіруді қалыптастыру үшін іргелі зерттеулер өткізуді қамтамасыз ету;
  • талдамалық анықтама нысанында мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға материалдарды дайындау және әзірлеу;
  • заңнамалық бастама құқығы бар субъектілер бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
  • азаматтық, еңбек, отбасылық, кәсіпкерлік, корпоративтік, міндеттемелік, экологиялық, жер құқығы, шарттық қарым-қатынас, интеллектуалдық меншік құқығы, азаматтық іс жүргізу, атқарушылық іс жүргізу заңнамасы саласында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу;
  • өз құзыреті шеңберінде уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша Институтта өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;
  • Бөлім міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.