Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімі

You are here

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
 
Байланыс
Тел.: +7(7172) 74-14-29, 74-14-27, 74-14-21
 
 
Бөлім басшысы – Куликпаева Мира Жумагазыевна
 
Бөлімінің қызметтердің негізгі бағыттары:
  • ұлттық заңнаманы жетілдіру мақсатында шет елдердің халықаралық және құқықтық тәжірибесін зерттеу;
  • ұлттық мүдделерді қорғау мақсатында Қазақстанның халықаралық аренадағы ғылыми-құқықтық қызметің қамтамасыз ету;
  • халықаралық ұйымдармен, ұлттық және шетелдік ғылыми мекемелермен ынтымақтастық жүргізу.
Бөлім жоғарыда аталған бағыттар бойынша келесі міндеттерді атқарады:
  • халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңнамасына салыстырмалы-құқықтық зерттеулер жүргізу;
  • Кәсіпорынның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, басқа да заңды және жеке тұлғаларымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатысу;
  • халықаралық құқық саласында мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға ғылыми сарапшылық-консультациялық қызметтер көрсету, сондай-ақ халықаралық қатынастарда Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында оның ғылыми-құқықтық қызметін қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ғылыми мекемелерімен және жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыстарды дамыту, олармен белгіленген тәртіппен ғылыми ынтымақтастық туралы келісімдерді жасау, қажет болған кезде неғұрлым маңызды және күрделі құқықтық актілер жобаларын дайындау үшін отандық және шетел ғалымдарын тарту;
  • заңнамалық актілерді ағылшын тіліне аударуды және оған қол жеткізуді қамтамасыз ету.
  • қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша Институтта өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;
  • Бөлім міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.