Құқықтық мониторинг бөлімі

You are here

Құқықтық мониторинг орталығы (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Орталық өзінің қызметін Қазақстан Республикасының әрекет ететін заңнамасына, Жарғы, Институт Регламенті, осы ережеге және Институттың өзге де ішкі актілеріне сәйкес жүргізеді.
 
Байланыс
Тел.: +7(7172) 74-14-55, 74-14-85, 74-13-56, 74-14-50
 
 
Орталық басшысы –Әсел Ғабиденқызы Қазбаева
 
Орталықтың негізгі міндеттері:
  • Қазақстан Республикасында мониторинг жүйесінің дамуына ортақтасу, соның ішінде құқықтық мониторингтің жүргізілуіне қатысу;
  • Құқықтық мониторинг аясында түпкілікті және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Орталық өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесідей қызметтерді атқарады:
  • Қазақстан Республикасы және шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен, ғылыми және өзге ұйымдарымен құқықтық мониторинг мәселелерінде өзара әрекет етеді;
  • Құқықтық мониторинг координациясы және жүргізілуіне қатысады; 
  • Құқықтық мониторинг аясында түпкілікті және қолданбалы зерттеуді қосқанда, ғылыми зерттеу мен өңдеу жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Стратегиялық жоспарының орындалуы шеңберінде нормативтік құқықтық актілер талдауын жүзеге асырады;
  • Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдармен, олардың құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынышты ұйымдармен өзара әрекет етеді;
  • Мемлекеттік органдардың жүргізген құқықтық мониторингінің нәтижесі бойынша ұсынымдар шығарады;
  • Құқықтық мониторинг және оның нәтижелерін талқылауды түсіндіру бойынша мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлеріне семинар-жиналыстар өткізеді;
  • Құқықтық мониторингке эксперттік, әдістемелік, аналитикалық, ақпараттық қамсыздандыру жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің корпоративті порталында «Құқықтық мониторинг» жүйесін өзекті етуде тұрақты негізде жұмыс жасайды;
  • Түпкілікті және қолданбалы ғылыми зерттеу кезінде құқықтық мониторинг жүргізудің шетелдік тәжірибесі мен құқық қолдану практикасының нәтижелер бағасын зерттейді және талдайды;
  • Қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша Институтта өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;
  • Орталық міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.