Баспа және типография қызмет бөлімі

You are here

Баспа және типографиялық қызметі бөлімі (одан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК құрылымдылық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім Институттың баспа қызметін қамтамасыз ету саласындағы өзінің құзырет аясындағы функцияларын іске асырады.
 
Байланыс
Тел.: +7(7172) 74-10-51
 
 
Бөлім басшысы – Жамбыршин Қанат Амангелдіұлы
 
Бөлімнің негізгі міндеттері:
  • квартал сайын шығатын «Qazaqstan Respýblıkasy Zańnama jáne quqyqtyq aqparat ınstıtýtynyń jarshysy» ғылыми-құқықтық журналы және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаршысы» журналын жинастыру және шығару;
  • Институттың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулері (ІҚҒЗ) нәтижелерін брошюра, талдамалық есеп болып табылатын кітаптар, монографиялар және де конференциялар мен дөңгелек үстел нәтижелерінің материалдар жинағы ретіндегі жариялау;
  • ғылыми басылымдарды, нормашығармашылық қызмет аясындағы әдістемелік материалдарды жариялау;
  • ғылыми іс-шараны полиграфиялық ретінде қамтамасыз ету (үлестірмелі материалдарды әзірлеу) болып табылады.
Бөлім:
  • «Qazaqstan Respýblıkasy Zańnama jáne quqyqtyq aqparat ınstıtýtynyń jarshysy», «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаршысы» журналдарына ғылыми мақалаларды жинауды;
  • мақалаларды екіжақты жасырын түрде рецензиялауды;
  • дизайн әзірлеуді, түптеу жасауды, баспаға дейін және баспадан кейін шығарылған басылымдарды өңдеуді;
  • «Qazaqstan Respýblıkasy Zańnama jáne quqyqtyq aqparat ınstıtýtynyń jarshysy» журналын тираждауды;
  • міндеттемелерді, сондай-ақ оның ішінде дерекқорларға жүктеуге арналған басылымдарды (келісім бойынша) таратуды;
  • Институтта өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шараларды дайындауды және оларға қатысуды; 
  • бөлім міндеттеріне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.