Қандай жағдайда прокурордың қылмыстық және азаматтық істер бойынша сотына қатысуы міндетті болып келе

Прокурор осы Кодексте көзделген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін процеске кірісуге құқылы. 

Мемлекет мүдделерін қозғайтын істер бойынша, қоғамдық мүдделерді немесе өздерін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ прокурордың қатысу қажеттігін сот танығанда прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы міндетті.

Прокурордың көрсетілген өкілеттіктері тиісті ақпаратты соттың интернет-ресурсында орналастыру арқылы қарауға тағайындалған істердің барлығы туралы соттың уақтылы хабарлауы арқылы қамтамасыз етіледі.(Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы №377-V  ҚРЗ 54-б. 2-т.)  

Кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы арызды қарауға прокурордың қатысуы міндетті болып табылады. (Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы  №377-V ҚРЗ 333-б. 2-т.)  

Жекеше айыптау істерін қоспағанда, прокурордың апелляциялық сатыда қатысуы міндетті. (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі №231-V ҚРЗ 428-б. 6-т.) 

Кассациялық сатыдағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің өтініш хаты, ұсынуы, наразылығы бойынша қайта қаралып жатқанын, сот құрамына кімдердің кіретінін және сот отырысы залында процеске қатысушылардың қайсысы қатысып отырғанын хабарлауымен ашылады. Өтініш хатты берген, істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Жекеше айыптау істерін қоспағанда, прокурордың кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысуы міндетті. Тиісінше хабардар етілген тараптар келмеген не олардан тиісті арыз келіп түскен жағдайда, іс олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкін. Осы Кодекстің 495-бабында көзделген жағдайларда қорғаушының қатысуы міндетті. (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі №231-V ҚРЗ 494-б. 1-т.) 

Сот қылмыстық теріс қылықтар туралы істерді қараған кезде прокурордың қатысуы міндетті. (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі №231-V ҚРЗ 529-б. 5-т.)