Біз Жасыл Әлем үшін!

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК экологиялық тазалықты қамтамасыз ету қозғалысына қосылдық.
Қазақстан Республикасының Конституциясының  38-бабында Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті деп белгіленген.
Сонымен бірге,  2007 жылы табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастарды реттейтін Экологиялық кодекс қабылданды.
Біз осы айдарда қоғамның назарын аударту үшін біздің еліміздің  өткір экологиялық проблемаларын жариялауға тырысатын боламыз.