Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидалары бекітілді

1.Осы Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

 1) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай - Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз ақылы пайдалануға берілетін тұрғынжай;

 2) жұмыс істеп жүрген жастар - жиырма тоғыз жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары.

 
Толығырақ  https://zan.kz/ru/Document/Detail?ngr=V1900019319&langId=3&dateEdition=2019-08-29&SearchText=