Планетамыз үшін ең азы – қоқыстарды бөліп жинастыра аласыздар!

Қоқыс – бұл экологиялық проблема!

Қоқыстармен байланысты проблемалар:

  1. Қоқыстарды орналастыру үшін орасан зор аумақтар қолданылады.
  2. Қоқыстар ұзақ уақыт бойы ыдырайды, уыттар өндіреді, табиғатты және оның ресурстарын, біз пайдаланып жүрген: ауа, су, тағамдарды бұзады және зиян келтіреді.
  3. Қоқысты өртеген кезде уытты заттар пайда болады – ауыр металдар, диоксиндер, олардың суда, топырақта, жануарлар мен адам денесінде жиналу қасиеті бар. Олар елеулі ауруларды тудырады.

Қалдықтармен жұмыс істеудің ең қауіпсіз тәсілі – бөліп жинау және қайта өңдеу. Біздің қоқыс шелегіміздің 80–90% ғана қайта өңдеуге жатады.

Қоқысты бөліп жинау, ресурстарды екінші қайтара пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақстанда, атап айтқанда, астанамызда қоқыстарды жинаудың осындай жүйесін енгізгені бәріне белгілі.

Бөліп жинау жұмысының басталуын, тұрғын-үй аулаларында сары және жасыл контейнерледі орнатуынан білуге болады.

Астанада "KazRecycleService" қоқыстарды өңдеу кешені жұмыс жасайды.

Біздің елімізде Еуропадан қарағанда (онда 4-5 бөлінеді) қалдықтарды жеңілдетілген 2 тоқа бөлуі көзделген,  ол қоқыстарды жинау процесін едәуір жеңілдетеді:

  • Сары контейнерлер пластикаға, шыныға, макулатураға (қағаздар), металға,  кіші ауқымды техникаларды (қайта өңделетін органикалық емес қалдықтарға);
  • Жасыл – тамақ және ағаш қалдықтарына, тоқыма және былғары (органикалық қалдықтар) арналған.

Сондай-ақ қалада бөліп жинау идеясын насихаттау мақсатында қайталама шикізаты қабылдаудың 16 пунктін орнатты, Қала тұрғындары осындай пунктерге шикізаттың 11 түрін: макулатура (қағаз), полиэтилен, стрейч-пленка, ПЭТ – бөтелкелері, шыны ыдысты, тұрмыстық техника құтыларын, алюминді банкінің қалдықтарын және сол сияқтыларды алып келулеріне болады.