Будут ли фандоматы в Казахстане...

Қазақстан пластикалы қалдықтарды өңдеу жөніндегі норвегиялық тәжірибені зерделеп жатыр

Қазақстандық ӨКМ (өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері) өкілдері жуырда танысу және норвегиялық «жасыл» технологияларды қабылдау және енгізу мақсатында Норвегияға аттанды.   
Йелський университеті жанындағы Экологиялық саясат және құқық орталығымен (Yale Center for Environmental Law and Policy) жыл сайын әзірленетін, әлемнің ең экологиялық тиімді елдерінің рейтингінде Норвегия 2018 жылы 14-ші орынды иеленді (бірінші орында – Швейцария), Қазақстан Нигериядан кейінгі орынды иеленіп 101-ші болды.
Бұл зерттеулер табиғи ресурстарды басқару, қоршаған ортаның жағдайы, климаттың өзгеруіне қарсы іс-әрекеттер және экология облысындағы мемлекет саясатының тиімділік тұрғысынан елдің жетістігін өлшейді, басқа сөзбен айтқанда,  елдердің өздері не істейді және жалпы алғанда қоршаған орта үшін қандай да бір әрекеттер жасайды ма, жоқ па соның рейтингісі.

Географиясы мен тарихын назарға алмаймыз, ең бастысы қоршаған ортаны қорғау жөнінде болады.  Мұнда суды краннан ағызып ішуге болады, әуежайда балғын ағаштардың хошиісі шығады, елді айнала ормандар қоршаған, мұнда жеңіл тыныс аласың. Айтпақшы,  норвегиялықтар өз ағаштарын сақтайды, тек жеке шаруашылықтарға ғана кесуге рұқсат берілген, бірақта олар одан да көп ағаштар отырғызып өсірулері тиіс.   
Елде «жасыл» технологияны пайдалануы көтермеленеді және  кім табиғатты бағалап, қамқорлық танытқандарға әр түрлі жеңілдіктер көзделген. Мысалы,  BUS Line бойынша тек қоғамдық көлік қана емес және таксилерде жүреді, электромобиль иелері кептелісті айналып өтуге мүмкіндік беретін, бөлінген жолақ бойынша жүруге құқылы.
Мұнда қоршаған ортаны ластағаны үшін орасан айыппұлдар қарастырылған. Дегенмен, экологиялық проблемалар да бар, Норвегияда мұнайды белсенді түрде өндіреді, олардың суға төгіліп кету жағдайлары орын алады және бұл экологиялық қауіпсіздікке қатер төндіреді.  Егер де «қара алтын» болмаса, бұл ел экологиялық рейтингтер қатарында бірінші орын үшін Финляндиямен бәсекелесе алар еді.    
Ең бастысы – бұл айыппұлдар емес. Халықты өзі табиғатты аялап күтеді. Қоғамның барлық топтары өздерінің бөтелкелерін өткізеді.
«Бізде бұл үйреншікті жағдай. Теледидар бойынша күнделікті: бөтелкелеріңізді өткізіңіздер, - деген жарнама жүріп жатады.  Мұнда осыны істемейтін бір де бір адамды білмеймін. Өзіндік сана халық үшін жұмыс жасайды. Бізде, тіпті министрлердің өздері  де бөтелкені өткізеді. Біз үйімізде гаражда бәрін жинаймыз, жинақтағаннан кейін барып шығарып өткіземіз. Әр бір бөтелке үшін мен ақша аламын, неліктен мен оларды лақтыруым керекпін?» -  дейді Норвегия тұрғыны Клара Пейхель.
Пластикалы және темір ыдыстардың шамамен 92%  Норвегияда қайта өңделеді.  Газдалған, сыра және су бөтелкелерінің әр біреуінің құнына депозит салынған. Өндіруші сізге тауарды ыдыстың өзінен қымбаттырақ сатады.  Бұл ақшаны сіз, бөтелкені жоюға тапсырған кезде өзіңізге қайтарып аласыз. Бір бөтелкенің құны – 1-ден бастап 3 кронға дейін (1 крон – 43 теңге).
Бөтелкелерді арнайы автоматтарда-фандоматтарда өткізуге болады, олардың өздері бөтелкелерді типтері, қабылданған  ыдыстар саны бойынша және клиентке қанша төлеу керек екенін анықтайды. Машина заттаңбадағы штрих-код бойынша ыдыс үшін депозит енгізілгендігін анықтайды.  Егер бұл бөтелке тыс жерден болса, мысалы, сіз Қазақстаннан өз суыңызбен келдіңіз, автомат оны қайта өңдеуге қабылдайды, бірақ сізге төлем төлемейді. Егер сіз өнімді депозитті ыдыспен сатып алсаңыз, онда автомат сізге чек береді, онымен сіз магазиннің кассасында есеп-айырыса аласыз.   
Сөреден қайта зауытқа
TOMRA фондоматтары Норвегия бойынша орналастырылған.  Елде жинастырудың барлығы 12 000 пункттері бар. Ірі супермаркеттерде олар үшін тіпті жеке үй-жай бөлінген.
Кішігірім магазиндер үшін өлшемі кішкентай автоматтар жасайды. Банкі және бөтелкелер фандоматқа түскен кезде, алдымен машина оларды:  ПЭТ – бөлек, темір – бөлек ажыратады, одан кейін барып нығыздайды.
 
  
Норвегиялық компаниялар: пластикаға тыйым салуға болмайтындығына сенімді. Адамдарды қалдықтарды қайта өңдеуге үйрету керек, себебі пластик – ең тиімді материал. Ол өте арзан, шыныны қайта өңдеуге қарағанда, оны қайта өңдеу өте жеңіл және өндіру кезіндегі шығындар мен тұтынатын қуат көзі біршама аз кетеді.
Компанияда қарапайым мысалды келтіреді: сіз бір пластикалы бөтелке өткізген кезде, сіз бір ұялы телефонды қоректендіру қуатын сақтайсыз, егер сіз екі бөтелкені қайтарсаңыз, сіз  қатарынан 40 апта ішінде ұялы телефонда әнді тыңдау үшін  жеткілікті қуат көзін үнемдейсіз, 285 бөтелкеде ыдыс-аяқ жуатын машинаны 170 рет іске қосатындай қуат көзі бар.

 

Фандоматарзан құрылғылар қатарынан емес, TOMRA компаниясының өкілдері өз машиналарының құнын әлі жария еткен жоқ. Сонымен бірге,  олар үшін әзірше кімнің төлейтіні белгісіз: мемлекет, кәсіпкерлер немесе компания  инвесторлары, фандомат өндірушілері.  Айтпақшы, Литвада ең соңғы нұсқасы жұмыс істейді. Компания ыдыстарды қабылдайтын өз автоматтарын тегін орнатты, бірақ әр бір қабылданған бөтелке үшін олар өз маржасын алады.  Шындығына келер болсақ, бұл елге бастамасында ғана пайдалы, аяғында фандомат иелері ұтыста болады, бұдан әрі кірістер бастапқы инвестицияға қарағанда жоғары болады.
ӨКМ өкілдері жүйені енгізу қажет, сондай-ақ бастапқы ойлау қабілетін өзгерту қажеттілігіне сенімді. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қалдықтар полигонында пластмассаны, пластиканы, полиэтиленді,  полиэтилентерефталатты қаптаманы; макулатураны, картонды және қағаз қалдықтарын; құрамында сынап бар шамдарды және құрылғыларды; шыны сынықтарын; түсті және қара металдарды, литийлі, қорғасынды-қышқылды батареяларды, электронды және электрлі жабдықтарды көмуге тыйым салынған.
 
Кейбір өңірлерде әр түрлі қалдықтар үшін түрлі қоқыс жәшіктері орнатылған, тек халықты қоқыстарды сорттауға үйрету ғана қалды. Келесі кезең бөтелкелерді қайта өңдеуге өткізу болып табылады.