Волонтер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

"Волонтер жылын жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 135 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Волонтер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері және ұйымдар (келісу бойынша):
1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) 2021 жылғы 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.