Зейнетке мерзімнен бұрын шығуға бола ма?

Зейнетақы төлемдері азаматтардың мынадай санаттарына:
1)1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатындарға;
2) осы Заңның 11-бабының 1–3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толғандарға;
3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға төленеді.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау:
2001 жылғы 1 шiлдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.
Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдері 
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда тағайындалады.
Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау турал»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
1) ерлердің – 50 жасқа толғанда;
2) әйелдердің – 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.
5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы жасқа толған азаматтардың мынадай санаттарына:
1) ерлерге – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма бес жыл еңбек өтілі болған кезде;
2) әйелдерге – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының  10,11 – баптары).
    Жасына байланысты зейнетақыны тағайындау үшін өтініш беруші («Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығының 
4-тармағын қараңыз).
Сіздің назарыңызды, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағының күшіне орай ұсынылған түсіндірме, ұсынымдық сипатқа ие екендігіне аударамыз.