Бұрынғы жұбайы/зайыбы алимент алу мүмкіндігі бар ма?

Ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екінші жұбайдан:
      1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;
      2) жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбының;
      3) ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар. (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV  «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 147  бабы).