Борышкердің жалақысы жоқ болған жағдайларда алимент қалай өндіріледі?

Алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы осы Заңның 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолданады және осы Заңның 61-бабына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспағанда, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолданады.
Мүлiктен өндiрiп алу туралы сот орындаушысы қаулы шығарады. (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы  2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 99  бабы).