"Архар" көпірінің астындағы спорт алаң

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Арқар» көпірінің астындағы аумақ Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтарының тартылыс мекеніне айналған. Бұл жүзеге асырылған қоғамдық кеңістіктердің бір мысалы, деп жазды өзінің Instagram-аккаунтында Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен. «Маңызды сәт,  эстакажа қалалық кеңістікті «кесіп тастады», сондықтанда Триатлон және Президент саябағы бір-бірінен алыстап кетті. Жаңа кеңістік қалалық қоғамдастықты біріктіреді және бірлестіреді»,- деп атап өтті Базыкен. Құрылған объект өз атмосферасын қалыптастырады және қала тұрғындарының шығармашылық кластерін дамытуға итермелейді, деп санайды ол.
 
    
 
«Коммерция туралы айтатын болсақ, бұл жер шағын бизнес үшін жақсы әлеуетке ие екенін атап өтуге болады. Бұл жаяу жүргіншілерге арналған және велосипедпен жүретін екі саябақ арасындағы жалғыз байланыс екенін ескере отырып, қоғамдық тамақтану орындары үшін тамаша жағдай жасайды. Өз кезегінде бұл жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді және қоғамдық белсенділікті катализдейді»- деп атап өтті Базыкен.  Қазіргі таңда орынды жайластыру жалғасуда. Түстері қанық суреттер және жаңа объектілер бір кездері шөлді аумаққа көбірек адамдарды тартуда. Мұнда алтыбақандар, баскетбол сақиналары және стритбол алаңдары пайда болды. Ағымдағы жылы барлығы 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) және 150-ге жуық аула абаттандырылады. Алаңдар мен қоғамдық кеңістіктер «Нұр-Сұлтан – тұрғындарға жайлы қала» мастер жоспарының тұжырымдамасы шеңберінде абаттандырылып жатыр».
 
  

 

Тағы бір көпірдің астында спорт алаңы пайда болады.
Спорттық алаңы Нұр-Сұлтандағы Гумилев атынд. ЕҰУ маңындағы көпірдің астында пайда болады. Алаңда стритбол ойнауға арналған аймақ, скейт-аймақ, үстел теннисіне арналған аумақ және воркаут-аймағы пайда болады. «Елордалық урбанистер Байқоңыр ауданының әкімдігімен бірлесіп, Пушкин көшесінде қоғамдық кеңістік құру жұмыстарын бастады. Тартымды орталықтары бар жайлы қала тұжырымдамасы шеңберінде белсенді демалыс үшін қоғамдық өмірдің жаңа аймағын құру бойынша кешенді жұмысты жүзеге асыру ұсынылады", - делінген хабарламада.