Журнал туралы

You are here

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы 2006 жылдан бастап шығады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы №149 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ мен «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК-ны біріктіру арқылы жаңа заңды тұлға – «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ЗҚАИ», Институт) құрылды. Осыған сәйкес «Қазақстан Республикасының Заңнама институтының жаршысы» журналының атауы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жаршысы» деген жаңа атауға өзгертілді.
Журнал 2013 жылдан бастап заң ғылымы бойынша диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған, рецензияланатын жетекші ғылыми журналдар мен басылымдардың тізбесіне енген.
Ғалым-заңгерлер, оның ішінде жас зерттеушілер, заңгер-практиктер мемлекеттік-құқықтық жүйесін жетілдіру, құқық ғылымының өзекті мәселелері бойынша өздерінің көзқарасын білдіре алады.
ЗҚАИ өзінің құқық саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелерін жүйелі негізде жариялайды.
Журналдың Редакциялық алқасы құрамын белгілі ғалым-заңгерлер және практиктер құрайды.
Журнал жылына 4 рет шығады, нөмірдегі мақалалардың орташа саны – 25. Құрылғалы бері журналдың 60-тан астам нөмірі шығарылды. Журнал Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің барлық аумағында таратуға арналған. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады. Географиялық әртүрлілік Ресей, Беларусь, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Литва, Ұлыбритания, Германия, Моңғолия сияқты елдерді қамтиды.
Журнал Қазақстандық Ұлттық Электронды Кітапханасы (ҚазҰЭК), Cyberleninka электронды кітапханасы және РИНЦ E-library.ru мамандандырылған ақпараттық жүйесі ғылыми ақпараттық ресурстарында қамтылған.
Біздің журнал ғылыми ортада өзін жақсы көрсете білді, оның авторларының географиясы жыл сайын кеңейіп келеді.
Журнал беттерінде шетелдік іскер серіктестердің Мартин Лютер Халле-Виттенберг университетінің юниор-профессоры, құқық докторы, LL.М. М. Азер Алиев, Т. Султонова (Ресей-Тәжік (славян) университеті, з.ғ.д., доцент), А. Пекорарро (Халықаралық құқық магистрі, Эдинбург Университеті), Халықаралық ынтымақтастық бойынша Герман қоғамының өкілдері (GIZ) Й. Пуделька және Й. Деппе, М. Краузенбек, профессор Х-Й. Шрамм (GIZ сарапшысы, Висмар қаласындағы Шығыс құқық Институтының тең директоры), О.Н. Толочко (Беларусь мемлекеттік университеті, з.ғ.д., проф.), В.Н. Синельникова («Жоғары экономика мектебі» ҒЗУ, Мәскеу, з.ғ.д., проф.), В.Н. Плетенец (Днепропетровск ІІ мемуниверситеті, з.ғ.к., доцент, Украина) және басқалардың мақалалары жарияланған.
 
 
Журналдың ерекшеліктері
 
Ғылыми-құқықтық журнал заң ғылымы бойынша диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылым ретіндегі мәртебесіне ие.
 
Негізгі тақырыптық бағыттар
 
Мемлекетті құқықтық қамтамасыз етуге байланысты ғылыми, халықаралық-құқықтық, сондай-ақ қоғамдық-саяси, экономикалық, тарихи материалдарды жариялау.
Журналда заң ғылымының, ұлттық және халықаралық заңнаманың әр түрлі салаларында теориялық және практикалық маңызы бар зерттеулер нәтижелері туралы ғылыми мақалалар мен ғылыми шолулар көрініс табады. Институт өткізетін ғылыми-практикалық конференциялардың, дөңгелек үстелдердің материалдары жарияланады. Басылым заңтану саласындағы өзекті мәселелерді баяндайды.
Журнал Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің барлық аумағында таратуға арналған. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.
Жоғары дәйексөз индексі бар авторлардың географиялық әртүрлілігі және жұмыстарды ағылшын тілінде жариялау қамтамасыз етіледі.