Жұмыс беруші ЖОО-ға емтихан тапсыру кезеңіне демалыс беруден бас тарта ала ма?

Білім беру ұйымдарында оқып жүрген жұмыскерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларынан өту үшін оқу демалыстары беріледі (Қазақстан Республикасы 23 қараша 2015 ж. № 414-V Еңбек кодексінің 98-бабының 1-тармағы).