Құрметті оқырмандар!

    2021 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілетін өзгерістерге назар аударамыз.
    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 43-VII ҚРЗ Заңымен «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабы 2 тармағына, 24 бабы 1 тармағына, сондай-ақ «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы 4 тармағына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда 2021 жылғы 1 тамыздан бастап:
    1.Мемлекет қатысатын кредиттік бюро:
1) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша кредиттік скоринг туралы ақпаратты және кредиттік скорингті есептеумен байланысты өзге мәліметтерді де беруге міндетті, бұл ретте алынған мәліметтер жария етуге жатпайды; 
2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, банктік қарыз шарттарын, микрокредит беру туралы шарттарды жасасу күніне кредит бойынша номиналды және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері туралы ақпаратты уәкілетті органға беруге міндетті.
    2. Кредиттiк бюроларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретiн ақпараттан басқа (міндеттемелер бойынша борыштың жалпы сомасы, кредиттерді өтеу күнін және т.б.) банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасу күніне кредит бойынша номиналды және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері туралы ақпараттар да көрсету міндетті. 
    3. Борышкермен жасалған банктік қарыз (микрокредит) шартында борышкердің орналасқан жерін және (немесе) байланыс деректерін анықтау шарты болған кезде осындай мақсатта коллекторлық агенттіктің осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған тұлға болып табылмайтын үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасауына жол беріледі.
    Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлық агенттік мынадай ақпаратты:
коллекторлық агенттіктің атауын;
коллекторлық агенттік жұмыскерінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымын;
борышкердің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) хабарлайды.
    «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № 498 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.
    Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары «Электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу» 14-тараумен толықтырылды.
    Электрондық депозитерий осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша веб-порталда қалыптасады.
    Электрондық депозитарийді осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілер енгізетін жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері қалыптастырады.
    Әлеуетті өнім берушілердің электрондық депозитарийге соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды, олардың анықтығы расталғаннан кейін электрондық депозитарийге енгізеді.