Шетелдіктер Қазақстан Республикасының аумағында сотқа жүгінуге құқылы ма?

Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер өздерiнiң мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғау үшiн сотқа және басқа мемлекеттiк органдарға өтiнiш жасауға құқылы. Шетелдiктер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгеннен басқа жағдайларда, сотта Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей процессуалдық құқықтарды пайдаланады (Қазақстан Республикасының «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы №2337 Заңының 18-бабы).