Қазақстан Республикасының кредиттік серіктестіктер туралы заңнамасының тиімділігін талдау нәтижелерін талқылау бойынша іс-шараларды өткізу туралы ПРЕСС-АНОНСЫ

2021 жылғы 5 қазанда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты ZOOM бейнеконференцбайланысын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының кредиттік серіктестіктер туралы заңнамасының тиімділігін талдау нәтижелерін талқылау бойынша сараптамалық кездесу өткізеді.
Аталған іс-шараның мақсаты оның қатысушыларынан-жетекші ғалымдар мен практиктерден сындарлы ескертулер мен ұсыныстар алу, сондай-ақ қоғамдық, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарын тарту арқылы заңнамалық актілердің тиімділігіне жүргізілген талдаудың сапасын арттыру болып табылады. Іс-шаралар азаматтар мен ұйымдардан келіп түсетін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау және қорыту арқылы заңнаманың қазіргі өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған.
Сараптамалық кездесу жұмысына мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қоғамдық және ғылыми ұйымдар өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ғылыми қызметкерлері қатысады деп жоспарлануда.
Алдағы іс-шара бойынша қосымша ақпаратты 8 (7172) 266-093 телефоны арқылы немесе келесі электронды мекенжай бойынша алуға болады: qaraqojaev.o@zqai.kz.