Туристік қызмет көрсетуге арналған келісімшарттың қатысушысы, егер саяхат шарттары өзгерген болса, келісімшартты бұзуды талап ете алады ма?

Шартты жасасу кезiнде басшылыққа алынған мән-жайдың елеулi түрде өзгеруiне байланысты тараптардың әрқайсысы шартты өзгертудi немесе бұзуды талап етуге құқылы.
Мән-жайлардың елеулi түрде өзгеруiне мыналар жатады: саяхат жағдайларының нашарлауы, саяхат мерзiмiнiң өзгеруi, көлiк тарифтерiнiң ойламаған жерден өсуi, салықтар мен алымдардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жаңа ставкаларын енгiзу немесе олардың қолданыстағы ставкаларының артуы, тараптардың келiсiмi бойынша белгiленетiн өзге де негiздер (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» №211 Заңының 17- бабының 3,4-тармақтары).