«Заңдарға ресми түсінік берудің (түсіндірудің) өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел анонсы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтымен, Беларусь Республикасының Заңнама және құқықтық зерттеулер ұлттық орталығымен және Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты базасы аясында заңдарды түсіндіру мәселелерін талқылау үшін «Заңдарға ресми түсінік берудің (түсіндірудің) өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.
Аталған іс-шара биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары өкілдерінің заң нормаларын түсіндірудің өзекті мәселелерін жан-жақты және кеңінен талқылау алаңы болмақ.
Іс-шара жұмысына Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелері, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, халықаралық және отандық ғылыми қауымдастық өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.
Әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, оның қатысушыларының денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау үшін іс-шараны ZOOM бейне-конференц-байланысын пайдалана отырып, онлайн режимде өткізу жоспарлануда.
Өткізілген ғылыми іс-шараның нәтижелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел материалдарының жинағын басып шығару жоспарлануда.
Өткізу күні мен уақыты: 2021 жылғы 24 қыркүйек сағат 11:00-де
(іс-шараға қатысушыларды тіркеу Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 10:30-да).
Жұмыс тілі: орыс.
Дөңгелек үстелдің модераторы: Сәрпеков Рамазан Құмарбекұлы –Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Халықаралық дөңгелек үстел жұмысының форматы қызығушылық тудыратын мәселелерді белсенді талқылау және талқылау мүмкіндігін білдіреді.
Үйлестірушілер: Б.Қ. Нұрғазинов, К.Т. Мурзашев, А.Н. Оспанова.
Тел: +7 (7172) 26 61 47, +7 (7172) 57 51 62
        +7 701 826 48 90, +7 777 861 45 99, +7 701 521 57 55 (WhatsApp).