Құрметті оқырмандар!

2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілетін өзгерістерге назар аударамыз.

            1. «Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 828 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 тамызда № 24044 болып тіркелген) бекітілді.
            «E-Salyq Business» арнаулы мобильді қосымшасы (бұдан әрі – мобильді қосымша) салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауын жеңілдету мақсатында әзірленді.
            Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады.

            2. «Банктік қарыз шартын жасасу тәртібін, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу графигінің нысандарын және қарыз Алушыға – жеке тұлғаға арналған жадынамаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 30 шiлдедегi № 86 қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 тамызда № 23814 болып тіркелген) жаңа редакцияда көзделген:
            - Банктік қарыз шартын жасасу қағидалары;
            - Банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптар;
            -Қарызды өтеу кестесінің нысаны;
            - Қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынама нысаны.
            Қаулы 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

            3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 84 қаулысымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 шiлдеде № 23619 болып тіркелген) Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидалары бекітілген. Қағида екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлға қарыз алушылардың банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау тәртібі айқындалады.
            Қаулы 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

            4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 83 қаулысымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 шiлдеде № 23622 болып тіркелген) ««Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа редакцияда берілген:
            - Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібі;
            - Шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптар.
            Қаулы 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

            5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 82 қаулысымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 шiлдеде № 23630 болып тіркелген) Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекітілді. Қағида микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлға-қарыз алушылардың микрокредит беру туралы шарттардың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау тәртібін айқындайды.
            Қаулы 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

            6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 48 қаулысымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 мамырда № 22715 болып тіркелген) ««Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Екінші деңгейдегі банктердің есептілікті ұсыну, және екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесі жаңа редакцияда берілген.
            Қаулы 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

            7. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 531 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 маусымда № 22932 болып тіркелген) 2021 жылғы 1 қазаннан бастап Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін айқындалған.

            8. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығына қатысушылардың және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 90 қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қыркүйекте № 24477 болып тіркелген) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінде және оларды есептеу әдістемелерінде төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін «сыйлықақылар әдісін» пайдалана отырып төлеу бөлігінде өзгерістер енгізілген.
            Қаулы 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 41-ө, 2021 жылғы 27 наурыздағы № 67-ө, 2021 жылғы 3 маусымдағы № 100-ө өкімдерімен 2021 жылғы қазан айында төмендегілер жоспарлануда:

            - ««Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

            - «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

            - «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

            - «Көміртегі квоталарының 2022 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

            - «Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының шешімдері.