Мемлекеттік органға өтініш берген кезде қандай талаптар қойылады?

Жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген жолданымда, хаттамада: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы, жолданымның мәні, жолданымның берілген күні, арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Әкімшілік Рәсімдік-Процестік» Кодексінің 63-бабының 2-тармағы).