Егер ерлі -зайыптылардың некесі бұзылса және анасы баланың тегін өзгерткісі келсе, бұл үшін баланың әкесінің келісімі қажет пе?

Егер ата-аналары некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тіркеуші органда ресімдей отырып, бөлек тұрса және бала өзімен бірге тұратын ата-анасы оған өзінің тегін бергісі келсе, тіркеуші орган бұл мәселені ата-аналарының екіншісінің пікірін ескерместен, баланың мүдделеріне орай шешеді. (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 64-бабының 4-тармағы).