Бұрынғы жұбайы ажырасқаннан кейін алимент алуға құқылы ма?

Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге:
      1) жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы үш жасқа толғанға дейін бұрынғы зайыбының;
      2) ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының;
      3) неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз бұрынғы жұбайының құқығы бар. (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 148-бабының 1-тармағы).