«Пути совершенствования уголовного и уголовно-процессуального законодательства в рамках реализации Послания Президента Республики Казахстан от 1 сентября 2020 года»

2021 жылы 29 қазанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат Институты (бұдан әрі – Институт) Ғылыми кеңесінің отырысы өтеді.
Күн тәртібі шеңберінде қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқарушылық заңнамасы бөлімі халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімімен бірлесіп дайындаған «Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру шеңберінде қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасын жетілдіру жолдары» тақырыбы бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеудің (бұдан әрі – ІжҚҒЗ) қорытынды нәтижелерін талқылау жоспарланған.
Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеудің қорытындысы бойынша Институт директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты Р.Қ. Сәрпеков, Институттың бас ғылыми қызметкерлері: заң ғылымдарының докторы, профессор С.М. Рахметов, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.М. Абайделдинов, сондай-ақ заң ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Ахпанов, халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің басшысы, PhD Л.К. Каирбаева баяндама жасайды.
ІжҚҒЗ қорытындысын талқылау бойынша қосымша ақпаратты: +7 (7172) 266-124 телефоны арқылы алуға болады.