Сенімхат бойынша әкімшілік рәсімге қатысуға бола ма?

Арыз иесінің өкілінің болуына құқығы бар (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 22-б. 2-т. 11) т.).
Әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің әкімшілік істерін жеке өзі, өкіл арқылы немесе онымен бірге жүргізуге құқылы.Әкімшілік рәсімде өкілдік ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің әкімшілік істерін басқа адамның жүргізуіне уәкілеттік беруге құқылы, бұл туралы әкімшілік органға, лауазымды адамға ауызша нысанда хабарлайды. Бұл жағдайда әкімшілік орган, лауазымды адам өкілдің өкілеттігін жазбаша нысанда ресімдейді, оған өкілдік беруші қол қояды (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 68-б. 1,2-т.).