Тыңдау хаттамасы қалай дайындалады және кіммен қол қойылады?

Тыңдау хаттамасы компьютерлік, электрондық, машинкамен жазу не қолжазба тәсілдерімен дайындалады.
Тыңдау хаттамасында: әкімшілік іс қаралатын орын мен күн, оның басталатын және аяқталатын уақыты, әкімшілік органның атауы, лауазымды адамның, хатшының тектері және аты-жөні, әкімшілік рәсімге қатысушы және (немесе) әкімшілік іске қатысатын өзге де адам туралы мәліметтер, қаралатын мәселенің мазмұны, қатысатын тұлғалардың түсініктемелерінің, сұрақтары мен жауаптарының, сөйлеген сөздерінің мазмұны көрсетіледі.
Тыңдау хаттамасын төрағалық етуші мен хатшы дайындауға және қол қоюға тиіс.
Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға және әкімшілік іске қатысатын өзге де тұлғаға тыңдау хаттамасымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.