Құрметті оқырмандар!

Сіздің назарларыңызға 2022 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістерді шолуды ұсынамыз. 
 
            1. «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы (6-баптың 4-тармағын қоспағанда) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Заң кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері) жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жарғылық қызметін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарды реттейді.
 
            2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2021 жылғы 30 қарашадағы № 76-VII ҚРЗ  Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
            3. «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленген.
 
            4. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 60,5 жасқа толғанда жүргізіледі.
 
            5. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын аударымдары 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
 
            6. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2021 жылғы 19 шілдедегі № 622 Жарлығымен
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңсыз көшіп келудің жолын кесу, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясы, Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге визалар беру, халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілген.
 
            7. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 55-бабы 10 тармақ 2)-тармақшасына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы профилактикалық бақылау барлық дәрілік затқа қатысты жүргізіледі.
 
            8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 820 қаулысына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен бес пайызға арттырылады.
 
            9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысы сәйкес Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары бекітілді.
Қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
            10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 835 қаулысы сәйкес «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидалары және (немесе) пайдалану тәртібі бекітілді.
Қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
            11. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтары қолданысқа енгізіледі, соның ішінде:
-            «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 желтоқсанда № 25488 болып тіркелді);
-            «Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы
№ 1252 бұйрығы
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы
2 желтоқсанда № 25489 болып тіркелді);
-            «Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 1109 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 қазанда № 24949 болып тіркелді);
-            «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығы
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 қыркүйекте № 24367 болып тіркелді);
-            «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 1215 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қарашада № 25413 болып тіркелді);
-            «Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарының жұмыс істеу, оның ішінде веб-порталдар жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 1216 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қарашада № 25414 болып тіркелді);
-            «Уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2021 жылғы 30 қазандағы № 1125 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қазанда
№ 24975 болып тіркелді);
-            «Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 1040 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қазанда № 24785 болып тіркелді).
 
            12. «Мемлекеттік мүлікті әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы
8 қазандағы № 91 бұйрығымен
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2021 жылғы 14 қазанда № 24750 болып тіркелді)  бекітілген.
Бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
            13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 73 қаулысымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 маусымда № 23101 болып тіркелді) Коллекторлық агенттіктің, оның ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері 10 000 000 (он миллион) теңге мөлшерінде белгіленген.
Қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
            14. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы
5 наурыздағы № 134 бұйрығымен
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 наурызда № 22306 болып тіркелді) «Жол жүру құжатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілген.
Жол жүру құжаты Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүріп-тұруы үшін босқын мәртебесі берілген адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан реадмиссиялауға немесе шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында болу кезеңінде шетелдік паспортты жоғалтқан немесе Қазақстан Республикасынан шығу үшін шетелдік паспортының жарамдылық мерзімі өткен жағдайда беріледі.
Бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
            15. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы
17 маусымдағы № 419 қаулысына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2021 жылғы 30 қазандағы № 178-ө өкіміне
сәйкес 2022 жылғы қаңтарда келесі бұйрықтарды қабылдау жоспарлануда:
-       «Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
-       «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді проактивті көрсету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
1) «Бір елді мекенде тұратын және күтімді жүзеге асыратын адамға бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау»;
2) «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау».