Әкімшілік процесте татуластыру рәсімдеріне жол беріле ме?

Тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады
Жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде тараптардың татуласуына жол беріледі (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 120-бабының. 1-тармағы).