Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру басқармасы

You are here

Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру басқармасы (бұдан әрі – басқарма) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру саласындағы іске асыру функцияларын электрондық және қағаз түрінде жүзеге асырады.
Басқарманың құрамына: заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру бөлімі, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру бөлімі және нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру және бақылау бөлімі кіреді.
 
Байланыс
Тел.: +7(7172) 57-48-74
 
 

 

И.О. руководителя Департамента Формирования ЭКБ НПА РК Бейсенова Анар Жумажановна 

Басқарманың негізгі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Мемтізілім) қалыптастыру);
  • Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде қалыптастыру (бұдан әрі – ҚР НҚА ЭББ);
  • ҚР НҚА ЭББ қалыптастыру сапасын бақылау;
  • НҚА өзектендіруді жүзеге асыру кезінде актілердегі дәлсіздіктердің алдын алу;
  • консультация, пайдаланушыларға ҚР НҚА ЭББ-мен жұмыс істеуде практикалық көмек көрсету болып табылады.

Басқарма:

  • Мемтізілімге енгізуге жататын НҚА-ны орталықтандырылған жинау;
  • Мемтізілімге енгізілетін құжаттарды электрондық өңдеу;
  • Мемтізілімді қалыптастыру;
  • Мемтізілімге енгізілген НҚА есебі;
  • Мемтізілімді қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
  • ҚР НҚА ЭББ енгізу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде актілер жинау;
  • Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде қалыптастыру;
  • ҚР НҚА ЭББ-не енгізілген актілерді есепке алу;
  • ҚР НҚА ЭББ құжаттарын қағаз және электрондық түрде бақылау жағдайында ұстау.
  • ҚР НҚА ЭББ қалыптастыру сапасын бақылау;
  • кеңес беру, Пайдаланушыларға ҚР НҚА ЭББ-мен жұмыс істеуде практикалық көмек көрсетуді жүзеге асырады.