Басшылық

You are here

Директор - Рамазан Құмарбекұлы Сарпеков

1955 жылы Алматы облысының Жаркент қаласында туды. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтады. Заңгер.
 
Жұмыс өтілі:
05.1973-05.1974 – Алматы облысындағы Панфилов ауданында құрылысшы;
05.1974-05.1976 – Кеңес әскерінің қатарында қызметте, Хабаров өлкесі;
07.1976-08.1981 – Алматы қ. «Электромонтаж» ҚБ, электромонтаждаушы;
08.1981-08.1982 – Алматы қ. Әуезов ЖҚУ кадр бөлімінің инспекторы;
08.1982-09.1986 – Торғай ауданы Жангелді ауданының  прокуратурасы тергеушісі;
09.1986-05.1988 – Торғай облысы прокуратурасының аса маңызды істер бойынша аға тергеуші;  05.1988-07.1989 – Қостанай облысы Амангелді ауданы прокуратурасының тергеушісі (Торғай облысын таратуға байланысты);
07.1989-05.1994 – Қостанай облысы Амангелді ауданының Халық сотының төрағасы; 
02.1994-11.1995 – Торғай облыстық соты Төрағасының орынбасары;
11.1995- 06.1997 -  Торғай облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
06.1997-12.1999 –  Арқалық қ. өңірлік сот құрамының төрағасы, Қостанай облыстық сотының судьясы (Торғай облысын таратуға байланысты);
10.1999-11.2004 – II сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі;
03.2005-11.2006 – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
11.2006-08.2007 – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Аппарат басшысы және алқа мүшесі;
08.2007-11.2011 – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі;
01.2012-01.2016 - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі;
09.2017-12.2017 – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі;
12.2017–03.2019 - Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" РМК директоры;
03.2019 - қазіргі уақытқа дейін ҚР ӘМ "ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты" РМК директоры.
 
 «Нұр-Отан» партиясының мүшесі, «Нұр-Отан» партиясы Астана қалалық филиалы Саяси кеңес бюросының мүшесі. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филилының жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі алқасының мүшесі.
Ордендері:
«Құрмет» (05.12.2014ж.), «Құрмет» (08.12.2006ж.), «Содружество» Межпарламентской Ассамблеи государств – участников Содружества Независимых Государств (22.11.2012ж.).
Медальдері:
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тың және тыңайған жерлердi игерудің басталуына 50 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «20 лет Межпарламентской Ассамблеи государств – участников Содружества Независимых Государств», «Қазақстан полициясына 20 жыл», «Нұр-Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін», «Үш би», «М.Әуезов», «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 20 жылдығы», «Парламенттік ынтымақтастығын нығайтқаны үшін», «Қазақстан Республикасы прокуратурасындағы мінсіз қызмет үшін – 3 дәрежелі», «Қазахстан Республикасы Қаржы полициясына 20 жыл», «Адвакатураны дамытуға қосқан улесі үшін», «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Бауыржан Момышұлы», «Намыс», «Тергеу қызметінің 50 жылдығы», «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін».
Атағы:
«Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрметті жұмыскері» (2003), Алматы облысы, Костанай облысы «Құрметті азаматы», Алматы облысы Панфилов ауданның «Құрметті азаматы».
Үйленген, төрт баласы және немерелері бар. 

Директордың бірінші орынбасары - Раушан Нұрымбекқызы Жантасова

1971 жылы 18 қазанда Көкшетау облысында дүниеге келген.

1994 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдады.

Еңбек жолын Көкшетау облысының әділет басқармасынан бастады.

1996 жылы Көкшетау аймақтық құқықтық ақпарат орталығын басқарды.

1998 жылдан бастап осы уақытқа дейін  – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК  директорының орынбасары.

«РҚАО» РМК филиалдарының, Экономика және қаржы басқармасының және "Жаршы" журнал редакциясының қызметтеріне жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Құқықтық ақпараттық қызметтің жұмысын бақылайды.

«Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, сондай-ақ ҚР ӘМ құрметті грамоталарымен марапатталған.

«Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Тұрмыста, екі баланың анасы.

 

Директордың орынбасары - Лилиана Георгиевна Цай

 

1964 жылғы 29 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер квалификациясы бойынша тәмамдады.

1995 жылдан бастап Республикалық құқықтық ақпарат орталығында жұмыс істейді.

1995 жылғы мамырдан бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы, 2015 жылғы желтоқсаннан бастап заңнама деректер базасын қалыптастыру бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылды.

1999 жылдан бастап 2005 жылға дейін «РҚАО» РМК «Заңнама» Деректер базасын қалыптастыру бөлімінің бастығы.

2005 жылдан бастап 2016 жылғы дейін Деректер базасын қалыптастыру бөлімінің басшысы.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытта дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК директорының орынбасары.

Деректер базасын қалыптастыру департаментінің және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін қалыптастыру департаментінің жұмыстарын бақылауды жүзеге ассырады.

«Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2012ж.),   «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен (2015ж.),  сондай-ақ ҚР ӘМ құрмет грамоталарымен марапатталған.

«Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Қыз тәрбиелеп отыр.

Директордың орынбасары - Гүлзира Мадалиқызы Құрманәлиева

1967 жылы 20 маусымда Оңтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келді.

1989 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын «физика» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылы Алматы экономикалық университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2011 жылдан бастап 2013 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК  ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы.

2013 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК  директорының орынбасары.

Ақпараттық технологиялар басқармасының жұмысына жетекшілік етеді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне мерейтой медалімен, сондай-ақ ҚР ӘМ құрметті грамоталарымен марапатталған.

Тұрмыста, екі баланы тәрбиелеп отыр.

Директордың орынбасары - Жанат Орынбекқызы Құлжабаева

 

 

1960 жылғы 1 қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген. 
1983 жылы Ленинград мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы  бойынша аяқтаған. 
1987-1991 жылдар аралығында Ленинград мемлекеттік университеті заң факультетінің аспирантурасында 12.00.10 «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша білім алған. 
1991 жылы 12.00.10. мамандығы бойынша з.ғ.д., профессор Л.Н. Галенскаяның ғылыми жетекшілігімен «Клаузула о наиболее благоприятствуемой нации» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. 
2000-2002 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері және халықаралық қатынастар университеті жанындағы Екінші жоғары білім беру институтында «Аударма ісі» (ағылшын тілі) мамандығы бойынша білім алған. 
1983-1996 жылдар аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, меңгерушісі болып жұмыс істеген. 
1996-2005 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік заң академиясының (бүгінде – Қазақ гуманитарлық-заң университеті) халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті, меңгерушісі болып жұмыс істеген. 
2005-2009 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетінің халықаралық және конституциялық құқық кафедрасының доценті, меңгерушісі болып жұмыс істеген. 
2005-2009 жылдар аралығында Заңнама институтының халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің қоса атқарудағы жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген.   
2009-2012 жылдар аралығында Қазақ гуманитарлық-заң университетінің халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс жасаған. 
2009 жылдан бастап осы уақытқа дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасының профессоры лауазымын қоса атқарады.
2012 жылдан бастап қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директорының орынбасары лауазымын атқарады.
Конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімі, халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімі, лингвистика орталығының қызметіне жетекшілік етеді. 
«Құрмет» орденімен, «ҚР Конституциясына 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Заңнама институтының құрылғанына 25 жыл» медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» мемлекеттік мекемесі директорының грамоталарымен және алғысхаттарымен марапатталған. 
1987 жылдан бастап Ресей халықаралық құқық қауымдастығының мүшесі. МККК, ЮНИСЕФ, УКВКБ, МОМ сияқты халықаралық ұйымдар  мен халықаралық құқық саласындағы органдар қызметіне ат салысады. 
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. 
Ұлттық заңнамаға халықаралық құқықты имплементациялау проблемалары бойынша 150-ден астам ғылыми жарияланымы бар. 

Директордың орынбасары - Венера Төлеутайқызы Қоныс

 

1985 жылғы 10 маусымда дүниеге келген. 

2007 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «юриспруденция» мамандығы бойынша үздік аяқтаған.

2007-2009 жылдар аралығында Қазақ гуманитарлық-заң  университетінің магистратурасында оқыды, оны үздік аяқтап, юриспруденция магистрі академиялық дәрежесіне ие болды.

2010 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін азаматтық құқық; кәсіпкерлік құқық; отбасы құқығы; халықаралық жеке құқық; азаматтық процесс; төрелік процесс-12.00.03 мамандығы бойынша «Азаматтық-құқықтық дауларды реттеудің мемлекеттік емес рәсімдері» тақырыбында диссертация қорғады.

Cambridge International Diplomafor Teachersand Trainers (Назарбаев Университеті) бағдарламасы бойынша оқуды 2013 жылы аяқтады.

2014-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Рединг Университетінде (Ұлыбритания) ғылыми тағылымдамадан өтті.

2014 жылы Henley Business School (Рединг қ., Ұлыбритания) Хенли бизнес мектебінде ұйым персоналын басқару бойынша білім алды.   

Конусова В.Т. 2007 жылдан бастап осы уақытқа дейін М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде ғылыми-педагогикалық қызметін жүзеге асыруда.

2011 жылдан бастап қазіргі уақытта «Астана қаласының «Келісу» кәсіби медиаторлар одағы» РҚҚ кәсіби медиаторы.

2012 жылдан бастап 11.06.2019 жылға дейін «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» ММ азаматтық, азаматтық процестік заңнама және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің бастығы лауазымында қызмет істеді, сондай-ақ директор орынбасарының міндетін атқарды.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директорының орынбасары лауазымында қызмет атқаруда.

Заң шығару қызметі саласында, НҚА жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу, қолданыстағы заңнамаға құқықтық мониторинг жүргізу, заңнаманы жетілдіру аясында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен оларды жүзеге асыру тәжірибелері бар. Заң жобаларының тұжырымдамаларын, заң жобаларын әзірлеуге қатысқан.

Азаматтық, азаматтық процестік заңнама және атқарушылық іс жүргізу, коммерциялық төрелік, дауларды реттеудің баламалы рәсімдерінің проблемалары жөнінде 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

Азаматтық, азаматтық процестік заңнама  және атқарушылық  іс жүргізу бөлімі, қылмыстық, қылмыстық  процестік, қылмыстық атқару заңнамасы бөлімі, құқықтық мониторинг орталығының қызметіне жетекшілік етеді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Заңнама институтының құрылғанына 25 жыл» медальдарімен, сондай-ақ «Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің, «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ директорының грамоталары мен алғыс хаттарымен мараппаталған.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Ғылыми хатшы – Дүйсенов Ербол Абайұлы

 

1983 жылғы 15 қарашада дүниеге келген.

2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік аяқтаған.

2006-2009 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аспирантурасында оқыды.

2010 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін экологиялық құқық; жер құқығы; табиғи ресурстар құқығы; аграрлық құқық – 12.00.06 мамандығы бойынша «Экологиялық құқық үшін заңдық жауапкершілік» тақырыбы бойынша диссертация қорғады.

Е.А. Дүйсенов 2010 жылдан 2014 жылға дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ғылыми-педагогикалық қызметін жүзеге асырды.

2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ құқықтық мониторинг орталығының аға, жетекші ғылыми қызметкер және бастығы лауазымында қызмет атқарды.

2017 жылдан бастап – азаматтық, азаматтық процестік заңнама және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің бас ғылыми қызметкері.

2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің хатшысы лауазымында қызмет істеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы лауазымында қызмет атқаруда.

Заң шығару қызметі саласында, НҚА жобаларына ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыру, гранттық зерттеулерді орындау, қолданыстағы заңнамаға құқықтық мониторинг жүргізу, заңнаманы жетілдіру аясында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен оларды жүзеге асыру тәжірибесі бар.

«Қазақстан Республикасының заң шығару және құқықтық ақпарат институтының хабаршысы» журналының бас редакторы, кітапхана жұмысына жетекшілік етеді.

Заңнама және құқықтық ақпарат Институтында жұмыс істеген кезеңінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Заңнама институтының құрылысына 25 жыл» медальдарымен, «Әділет органдарының үздігі» төс белгісімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің, «Қазақстан Республикасының заң шығару институты»ММ директорының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «юриспруденция» мамандығы бойынша үздік аяқтаған.