ҚР ӘМ құқықтық ақпараттық қызметі

You are here

 ҚР ӘМ құқықтық ақпараттық қызметі

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі халыққа құқықтық мәселелер, онымен қоса мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тегін консультациялық қызмет көрсетіп, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша көмек көрсетеді.

Қызметкерлер көптеген заңнамалық сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар, атқарушылық іс-жүргізу, заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, апостильдеу сияқты адам өмірінде кездесетін басқа да мәселелерге қатысты маңызды ақпарат таратады.

«Кеңес телефон арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің http://www.adilet.gov.kz/ru/questions/ask),  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының»  (http://www.zqai.kz/ru). сайтына  хабарласқан азаматтарға беріледі.»

Оған қоса, қызметкерлер орындау құжаттарын жүзеге асыру, атқарушылық іс-жүргізу мәселелері жөніндегі сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру бойынша азаматтардың үндеулерін қабылдайды.

Консультациялық қызметтер мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетіледі.

Тегін қоңырау шалу:

Әлеуметтік желіде:

 

Біздің мақсатымыз - әркімнің сапалы құқықтық кеңес алуында.