ҚР ӘМ Жаршысы

   Журнал жайында

  Аталған Журналды жасаудың мақсаты оқырмандарды құқықтық жүйенің дамуы мәселелері бойынша өзекті жаңалықтар туралы хабардар ету, оқырмандарды норма шығармашылықтыағы заманауи проблемалармен таныстыру, әділет органдары қызметінің әртүрлі саласындағы озық білімді тарату, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі материалдарды жария ету болып табылады.
ҚР Әділет министрі Берік Имашевтың пікірінше, шығарылатын журнал – заң ғылымы мен тәжірибесінің, бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік аппараттың өкілдері болып табылатын заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері үшін сұхбаттасу алаңы.
Журнал беттерінен әркім Әділет министрлігінің құзыретіндегі көптеген қызықтыратын сұрақтарға жауап таба алады. Журнал еңбек жолын жаңадан бастаған мамандар және практик заңгерлер үшін жұмыс барысындағы таптырмас көмекшіге айналады, сондай-ақ заңгер қауымдастығының қалың тобына қызықты болады деген сеніммен, қалың оқырман қауымы бар ҚР-дағы құқықтық және қоғамдық-саяси басылымдардың арасында жетекші орынды иелену – осы басылымның міндеті.

Байланыс, редакцияның мекенжайы

010000, Астана қ., «Astana Tower» БО, Самал ш.ауд. 12.

тел.: +7(7172)57-25-11, 57-65-08;

e-mail: m-a2020@mail.ru.

Әлеуметтік желіде: