Заң ДБ-ның 7-нұсқасын орнату үшін

1. РҚАО РМК-мен келісімшарттың және компьютерде электрондық кілттің болуы.
2. Компьютер: тактілік жиілігі 1000 MГц және одан жоғары, жады: 32 разрядтық ОЖ үшін 2 Gb, 64 разрядтық ОЖ үшін 4 Gb, дискілік кеңістігі: локальді орнату үшін кем дегенде 100 Гб, үлкен көлемді файлдар (10 ГБ-дан жоғары) сүйеуі үшін NTFS файлдық жүйесі, USB порт.
3. Сүйеу үшін - DVD-ROM компакт-дискілерін оқитын құрал.
4. Экранның көлденең жағының ең кем ажыратылымдығы - 1280.
5. Кирил қарыптерін сүйейтін операциялық жүйе: MS Windows 7 немесе одан жоғары.
7. Мұрағатты көшіріп, бағдарламалар бумасын шешу.
8. Деректер базасы мұрағатын көшіріп, DB қосалқы бумасына шешу.
9. «Заң ДБ 7» жұмыс үстелінде Zan7.exe бағдарламасына таңбаша жасау.
10. Сұрақтар туындаған жағдайда, Астана қ. (7172) 57-33-63 телефондары немесе РҚАО РМК телефондарына хабарласыңыздар.
 Қазіргі уақытта «Заң»/«Закон» базасы 5 бөлікке бөлінген:
KZ_ZAN/ RU_ZAN - «Заң/Закон 2006 жылға дейін» ДБ орталық органдардың нормативтік құқықтық актілерінен тұрады;
KZ_OBL/ RU_OBL - «Облыс/Область» ДБ жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінен тұрады;
KZ_RGN/ RU_RGN - «Аймақ/Регион» ДБ аудандық, кенттік, ауылдық деңгейлердегі өкілетті және атқарушы басқарма органдарының нормативтік құқықтық актілерінен тұрады;
KZ_DOP/ RU_DOP - «Тіркелмеген» ДБ әділет министрлігінде міндетті тіркеуге жатпайтын нұсқаулық сипаттағы хаттар, құжаттар үлгілерінен тұрады.
 
EN_ZAN - ағылшын тіліндегі құжаттардың ДБ-сы
Автоматты жаңарту үшін /zan7/Loader7.exe бағдарламасын іске қосыңыз, «Баптау» түймесін басыңыз, жиектерді толтырыңыз:
«Басқару үстеліндегі» («Панель управления») «Тағайындалған тапсырмалар» («Назначенные задачи») арқылы қарапайым тапсырма құрап, оны қашан және нешеде іске қосу керектігін белгілеңіз, бағдарламаның атын және автоматты жүктелуі үшін параметрлерін белгілеңіз:
Loader7.exe 1
Енді жүктелу бағдарламасы өз бетімен жүктеліп, сайттан қажетті жаңарту файлдарын іздеп, оларды компьютерге көшіріп, базаға жүктейтін болады.
Қажетті жаңартуларды автоматты жүктеуде қиындықтар туындаса, оларды біздің сайтымыздан алуыңызға болады, ол үшін \zan7\upd\ бумасына көшіріп, бағдарламада «Жүктеу» түймесін басыңыз.
Ақпаратты ftp серверінен көшіру үшін деректемелер:
Сервер: 89.218.68.218 
Пайдаланушы аты: user
Құпиясөз: 12345
Қазақ тілінде жаңарту файлдары:
KZ_ZAN
KZ_OBL
KZ_RGN
KZ_DOP
Орыс тілінде жаңарту файлдары:
RU_ZAN
RU_OBL
RU_RGN
RU_DOP
Ағылшын тілінде жаңарту файлдары:
EN_ZAN
Бағдарламалар және нұсқаулықтар 
Орнату бойынша нұсқаулық
Бағдарламалар бумасы
Базалар мұрағаты
Пайдаланушы нұсқаулығы
Кілт драйвері
Кілт менеджері (тек желілік кілттер үшін)