Заң ДБ-ның 6-нұсқасын орнату үшін

1. РҚАО РМК-мен келісімшарттың және компьютерде электрондық кілттің болуы.
2. Компьютер: тактілік жиілігі 800 MГц және одан жоғары Pentium процессорі, жады: 1024 Mb және одан жоғары, дискілік кеңістік: локальді орнату үшін кем дегенде 70 Гб, USB порт, DVD-ROM компакт-дискілерін оқитын құрал.
3. Операциялық жүйенің орыс редакциясы: MS Windows XP, Windows 7 және одан жоғары.
5. Инсталляциялық пакетті көшіріп, Install6.exe файлы арқылы іске қосу.
6. Деректер базасының соңғы мұрағаттарын көшіріп, шешу. Оларды РҚАО РМК-ның кез келген филиалынан, немесе тапсырысты 8(717)274-13-27 телефоны бойынша рәсімдегеннен кейін ftp-дан көшіріп алуыңызға болады.
7. «Заң ДБ» жұмыс үстеліндегі жарлықты басу арқылы бағдарламаны іске қосу.
8. Сұрақтар туындаған жағдайда, Астана қ. (7172) 57-33-63 телефондары немесе РҚАО РМК филиалдарының телефондарына хабарласыңыздар.
Қазіргі уақытта «Заң»/«Закон» базасы 5 бөлікке бөлінген:
RUS/KAZ – «Заң/Закон ДБ 2006 жылға дейін» орталық органдардың 31.12.2006 дейінгі нормативтік құқықтық актілерінен тұрады;
RU1/KZ1 - «Заң/Закон ДБ 2007 жылдан бастап» орталық органдардың 01.01.2007-дан нормативтік құқықтық актілерінен тұрады;
ORU/OKZ - «Облыс/Область» ДБ жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінен тұрады;
RRU/RKZ - «Аймақ/Регион» ДБ аудандық, кенттік, ауылдық деңгейлердегі өкілетті және атқарушы басқарма органдарының нормативтік құқықтық актілерінен тұрады;
NOR/NOK - «Тіркелмеген» ДБ әділет министрлігінде міндетті тіркеуге жатпайтын нұсқаулық сипаттағы хаттар, құжаттар үлгілерінен тұрады.
Автоматты жаңарту үшін /zan6/loaddb6.exe бағдарламасын іске қосыңыз, «Баптау» түймесін басыңыз, жиектерді толтырыңыз:
«Басқару үстеліндегі» («Панель управления») «Тағайындалған тапсырмалар» («Назначенные задачи») арқылы қарапайым тапсырма құрап, оны қашан және нешеде іске қосу керектігін белгілеңіз (базада ешкім жұмыс жасамаған кезде), бағдарламаның атын және автоматты жүктелуі үшін параметрлерін белгілеңіз:
LoadDB6.exe all
Енді жүктелу бағдарламасы өз бетімен жүктеліп, сайттан қажетті жаңарту файлдарын іздеп, оларды компьютерге көшіріп, базаға жүктейтін болады.
Қажетті жаңартуларды автоматты жүктеуде қиындықтар туындаса, оларды біздің сайтымыздан алуыңызға болады, ол үшін оларды \zan6\upd\ бумасына көшіріп, бағдарламада «Жүктеу» түймесін басыңыз.
 
Ақпаратты ftp серверінен көшіру үшін деректемелер:
Сервер: 185.98.5.245
Пайдаланушы аты : rcpikz_files
Құпиясөз: 12345
Орыс тілінде жаңарту файлдары:
"2006 жылға дейінгі Заң"
"Заң 2007 жылдан"
"Облыс"
"Аймақ" 
"Тіркелмеген" 
Қазақ тілінде жаңарту файлдары:
"2006 жылға дейінгі Заң "
"Заң 2007 жылдан"
"Облыс"
"Аймақ"
"Тіркелмеген"
Анықтамалықтар файлдары 
орыс тілінде
қазақ тілінде
Бағдарламалар мен нұсқаулықтар 
Орнату бойынша нұсқаулық
"Заң" ДБ инсталляциясы
Жүктеу бағдарламалары мен "Заң" ДБ іздеу
қабықшасының соңғы нұсқалары(LoadDb6.exe, Zan6.exe)
10(52) кілт қатесі жағдайындағы жүктеу бағдарламалары мен ДБ іздеу қабықшасы
Пайдаланушы нұсқаулығы
Кілт драйвері
Кілт менеджері (тек желілік кілттер үшін)