Құрметті оқырмандар!

Сіздерді 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 18 524 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 43 272 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге болып Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 379-VІ Заңына сәйкес белгiленгені туралы хабардар етеміз.