257

You are here

Дата: 
16.01.2021 - 17:15
Автор: 
Мулар Мария
Статус: 
Отвеченные
Вопрос: 

Фамилия улкен атамныг атын койып очество ауыстыра аламынба жасым 24те, фамилия очество ауыстыргым келеды, болса қандай құжаттар керек

Ответ: 

  Құрметті Мария!

Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әріКодекс) 257-бабына сәйкес атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру мынадай дәлелді себептер: атының, әкесiнiң атының, тегiнiң оғаш естiлуi, атының, әкесiнiң атының, тегiнiң айтуға қиындық келтіруі, егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейiнгі тектерінде қалса, жұбайымен ортақ текте болғысы келген жұбайдың тілегі, егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі, бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы келуі, жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі, жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келуі, өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келуі, құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі, егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі, ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуі, өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және (немесе) әкесінің атын алғысы келуі, жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі.

Кодекстің 258-бабына сәйкес, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш өтініш берушінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға беріледі.

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылған жағдайда мемлекеттік тіркеу өтініш беру жері бойынша жүргізіледі.

Осы Кодекстің 259-бабына сәйкес атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініште мынадай мәліметтер: өтініш берушінің аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі, таңдаған аты, әкесінің аты, тегі, атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудың себептері көрсетілуге тиіс.

Сонымен қоса Кодекстің 261-бабына сәйкес атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішке өтініш берушінің атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын мынадай құжаттар: өтініш берушінің туу туралы куәлігі, егер өтініш беруші некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік, егер өтініш берушінің кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәліктері, егер оларды тіркеуші органдар тіркеген болса, бала асырап алу туралы куәлік не әке болуды анықтау туралы куәлік, егер өтініш беруші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, өтініш берушінің екі фотосуреті қоса беріледі.

Қажет болған жағдайда, өтініш берушінің атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттар талап етіледі.

Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 60-бабының 4-тармағына сәйкес, бұл түсініктеме ұсынымдық сипатқа ие және 2021 жылғы 18 қаңтар бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келетініне, Сіздің назарыңызды аударамыз.

Сонымен қатар, Сізге құқықтық сұрақтар бойынша кеңес алу үшін Қазақстанның қалалық және ауылдық өңірлерінен 119 нөміріне тегін, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларынан және республиканың облыс орталықтарынан 58-00-58 нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы ҚР Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметіне хабарласуыңызға болады, немесе АҚЖ «Әділет» (adilet.zan.kz) «Виртуалды кеңесші» айдары және Әділет министрлігінің ресми сайтындағы (adilet.gov.kz) «Қоғамдық қабылдау» бөлімі арқылы кеңес алуға болады.

Егер Сізге қандай да бір ақпарат қажет болса, біз оны Сіздің өтінішіңіз бойынша ұсынуға қуанышты боламыз.