39

You are here

Дата: 
01.11.2019 - 21:15
Автор: 
Есекеев.Б.Н
Статус: 
Отвеченные
Вопрос: 

Мен сіздерден жер жөнінде сурақ кояиын деп едім?
1.Жер орным юстициядан тіркелген казір тіркеуде жок. Оны калай тіркеуден алып тастайды? Соттың шешімі керек ба?
2. Жердің шешімі гос акт кушін кім жоя алады?
Осы сурактарға заңын корсетіп жауап бере аласыздар ма?

Ответ: 

Құрметті Есекеев Б.Н.! Сіздің 01.11.2019 жылғы өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы   N 442 Жер Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 32-бабына сәйкес азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде жер учаскесіне құқық табыстау жөніндегі құзыретке сәйкес жүргізіледі.

Кодекстің 33-бабында көрсетілген жер пайдалану құқығын иелiктен шығару азаматтық-құқықтық мәмiлелер (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау және басқалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Жер пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер бойынша жүргiзiледi.

         Сондай-ақ осы Кодекстің 93-бабында көзделген : 1. Жер учаскесін немесе оның бір бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      2. Егер жер учаскесі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жағдайларда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

      3. Жер учаскесін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану жағдайларына:

      1) жер учаскесін немесе оның бір бөлігін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау;

      2) жер учаскесін немесе оның бір бөлігін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларында айқындалған талаптарды бұза отырып пайдалану;

      3) осы Кодекстің 99-бабында белгіленген талаптарды сақтамау;

      4) жер учаскесін экологиялық жағдайды едәуір нашарлатуға әкеп соғатындай етіп пайдалану жатады.

Сіздің назарыңызды аударамыз, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 60 бабының 4 тармағына сәйкес  мұндай түсіндірмелердің міндетті заңдық күші болмайды және олар ұсынымдық сипатқа ие.

Осыған байланысты, сұрағыңыз бойынша Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 9 бабына сәйкес нақты ақпарат алу үшін жергілікті орындау органына және оның ресми сайтына жүгінуіңізді ұсынамыз немесе мекенжайына жазбаша түрде өтініш жолдауыңызға болады.

Сонымен қатар, сізге құқықтық сұрақтар бойынша кеңес алу үшін Қазақстанның қалалық және ауылдық өңірлерінен 119 нөміріне тегін, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларынан және республиканың облыс орталықтарынан 58-00-58 нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы ҚР Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметіне хабарласуыңызға болады.