Ғылыми құқықтық сараптаманы үйлестіру бөлімі

You are here

Ғылыми құқықтық сараптама үйлестіру бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК (бұдан әрі-Институт) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Жарғыға, Регламентке және Институттың басқа да ішкі актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
 
Байланыстар:
Тел.: +7(7172) 57-25-11
E-mail: npe@zqai.kz
 
 
Бөлім басшысы – Нұрлұмбаева Ляззат Ерланқызы
 
Бөлімнің негізгі міндеттері:
 
  • Қазақстан Республикасысың заң жобаларына, халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді үйлестіру;
  • Заңдар мен халықаралық шарттардың жобаларына немесе халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізетін сарапшылардың Тізілімін қалыптастыру.
Бөлімнің функциялары:
  • заң жобалары және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша өз құзыреті шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдармен және өзге де мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Заң жобалары және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізетін сарапшылардың Тізілімін қалыптастыру;
  • Бөлімнің құзыреті шегінде іс-шараларды (конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер, практикалық семинарлар) ұйымдастыру және өткізу;
  • Институт Жарғысында көзделген өзге де функциялар.