Деректер базасын қалыптастыру департаменті

You are here

«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК Деректер базасын қалыптастыру департаменті (бұдан әрі – Департамент)  Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі - НҚА) мемлекеттік есеп жүргізу және құқықтық ақпарат жүйесінің жұмыс істеуі саласындағы іске асыру қызметін өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Байланыс
Тел.: +7(7172) 57-65-07
 

Департамент басшысы  – Гаухар Жұмағалиқызы Оташева
 
Департаменттің негізгі міндеттері:
  • «Заң» ДБ-ны мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады;
  • «Заң» ДБ-да орналастырылатын НҚА мониторингі және мағыналық өңдеу. 

Департамент:

Құқықтық ақпарат жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ететін міндеттерді іске асыру мақсатында:

  • ДБ енгізу үшін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі актілердің орталықтандырылған жинағын;
  • ДБ енгізілетін құжаттарды электрондық өңдеу;
  • ДБ қалыптастыруды;
  • ДБ-дағы НҚА мәтіндерін бақылаулы күйде ұстау;
  • деректер базасына енгізілген актілердің есебі;
  • ДБ анықтамалықтарын бақылаулы күйде ұстау;
  • деректер базасының мазмұны бойынша түсініктеме;
  •  өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Әділет министрлігі web-сайтының нормативтік базасын өзектендіру.

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін жүргізуді қамтамасыз ететін қызметтерді іске асыру   мақсатында:

  • Мемтізілімге енгізуге жататын НҚА-ның орталықтандырылған жинағын;
  • Мемтізілімге енгізілетін құжаттарды электрондық өңдеу;
  • латенттік ақпаратқа НҚА  талдауын және мониторингін;
  • қолданыстағы заңнамаға НҚА қайыра сілтеулерін қалыптастыру;
  • ДБ-дан терминдер сөздігін қалыптастыру, жүргізу және оларды өзекті күйде ұстау;
  • ДБ-ның «Тақырып бойынша іздеу» бөлімін қалыптастыру және жүргізуді;

Латенттік ақпаратқа НҚА талдауын және мониторингін жүргізуді қамтамасыз ететін қызметтерді іске асыру мақсатында:

  • мағыналық өңдеуге жататын және бланкеттік нормалардан тұратын НҚА-ны іріктеу және зерделеу;
  •  өңделіп жатқан НҚА-да қайыра сілтеуді орындау міндетті болып табылатын НҚА-ны іріктеу және зерделеу;
  • НҚА-дағы қайыра сілтеуді қалыптастыру;
  • қайыра сілтеуді қалыптастыру бойынша жұмыс орындалған НҚА-ның есебі, мониторингі және актуалдандыру;

ДБ терминдерінің сөздігін қалыптастыру және жүргізу бойынша қызметтерді іске асыру мақсатында:

  • жаңа терминдерді айқындау мақсатымен НҚА-ны іріктеу және зерделеу;
  • ДБ-дағы терминдер сөздігін қалыптастыру және жүргізу;
  • оларды өзекті күйде ұстау;
  • ДБ-дағы терминдер сөздігіне қатысты мәселелер бойынша түсініктеме;

ДБ-ның «Тақырып бойынша іздеу» бөлімін жүргізу және мониторингі бойынша қызметті іске асыру мақсатында:

  • бөлімге енгізу үшін жаңа тақырыптарды айқындау мақсатымен НҚА-ны іріктеу және зерделеу;
  • ДБ-ның «Тақырып бойынша іздеу» бөлімін қалыптастыру және жүргізуді жүзеге асырады.