АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

You are here

2019 жылдың 6 қыркүйегінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қабырғасында «БҰҰ-ы қызметі мен егемен мемлекеттер үшін ұлттық және халықаралық деңгейдегі құқықтың үстемдігі басымдылық ретінде» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастылды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты (бұдан әрі – Институт) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесімен, сонымен қатар ұлттық және шет елдердің жоғарғы оқу орындары ұйымдарымен - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-фараби атындағы ҚазҰУ, Ресей халықтар достастығы университеті (РХДУ), Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ) және т.б. бірлесіп аталған іс-шараның ұйымдастырушысы болды.

Осы аталмыш конференция Қазақстан мен Ресейдің зерттеу топтарының бірігуімен өткізетін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жоспары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған іс-шараларды жүзеге асыру аясында өткізілді.


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры академик Е.Б. Сыдықов конференцияны аша отырып, заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық құқық кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының бас ғылыми қызметкері Е.М. Абайдельдиновті мерейтойымен құттықтады. Ректор профессордың қазақстандық заң ғылымының дамуына қосқан зор үлесін атай отырып, Ербол Мусинұлына жоғары оқу орнының жоғары марапаты Л.Н. Гумилев медалін табыс етті.

Также в рамках пленарного заседания директор Института законодательства и правовой информации Республики Казахстан Сарпеков Р.К. от имени коллектива Института поздравил профессора Е.М. Абайдельдинова с юбилеем и вручил поздравительный адрес.

Сонымен қатар, пленарлы отырыс аясында Қазақстан Республикасының құқықтық ақпарат және заңнама институтының директоры Р.Қ. Сәрпеков Институт ұжымы атынан профессор Е.М. Абайдельдиновті мерейтойымен құттықтап, құттықтау хатын табыс етті. Директор іс-шара қатысушыларына экономикалық интеграция кезеңінде еуразиялық кеңістіктегі неғұрлым өзекті құқықтық мәселелерді талқылауда нәтижелі жұмыс тіледі.

Конференция жұмысына Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның, Беларусияның, Өзбекстанның белгілі ғалым-құқықтанушылары қатысты, олардың ішінде: Институттың бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық құқық кафедрасының профессоры  М.А. Сарсембаев; «М.С. Нарықбаев атындағы ҚазГЗУ университеті» АҚ ҚЖМ жеке құқық департаментінің профессоры, заң ғылымдарының докторы С.К. Идрышева; профессор, заң ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген заңгері, РХДУ халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, Ресей СІМ ММХҚ халықаралық құқық кафедрасының профессоры, БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитетінің мүшесі А.Х. Абашидзе; О. Е. Кутафин атындағы университетінің интеграциялық және Еуропалық құқық кафедрасының меңгерушісі, Жаңа Монне (Еуропалық Одақ) кафедрасының профессоры (Мәскеу) з.ғ.д. С.Ю. Кашкин; з.ғ.д., профессор, Ресей Федерациясы, Қазан федералдық университетінің халықаралық және Еуропалық құқық кафедрасының меңгерушісі А.И. Абдуллин және т.б.

Сонымен қатар, пленарлы отырыс аясында баяндамалармен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері В.А. Малиновский және Ә.А. Темербеков, Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министрі) Хатшылығының Басшысы (Мәскеу) з.ғ.д. А.Б. Кишкембаев сөз сөйледі.  

Сонымен қатар, конференцияда Институт құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Олардың ішінде: Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің, Қылмыстық, қылмыстық процестік және қылмыстық атқару заңнамасы бөлімінің, Конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөліміні, Лингвистика орталығының ғылыми қызметкерлері.  

Конференция барысында жұмыс келесі секцияларда жүзеге асты:

1) Мемлекеттердің интеграциялық бірлестіктері қызметінің өзекті мәселелері және даму перспективалары (ЕАЭО, ЕО және т. б.);

2) БҰҰ шарттық органдарының адам құқықтарын қамтамасыз ету саласы бойынша ЕАЭО және ЭЫДҰ елдерімен өзара іс-қимылы;

3) Ұлттық және халықаралық деңгейдегі құқық үстемдігінің заманауи аспектілері;

4) Халықаралық ғарыш және халықаралық экологиялық құқық нормаларының мемлекеттердің ұлттық заңнамасымен арақатынасы;

5) Жаһандану және интеграциялық үдерістерді дамыту жағдайындағы мемлекеттің қылмыстық саясатының өзекті мәселелері.

Мемлекеттердің интеграциялық бірлестіктері қызметінің өзекті мәселелері және даму перспективалары (ЕАЭО, ЕО және т. б.) секциясы Институттың Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімімен «Халықаралық сот органдары қызметінің өзекті мәселелері мен даму перспективалары (ЕАЭО және ЕО мысалында)»  іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жоспары бойынша іс-шараларды жүзеге асыру барысында өткізілгенін атап өткен жөн.

Аталған секцияның модераторы Институт директоры Р.Қ. Сәрпеков болды. Секция жұмысында ЕАЭО Сотының Төрағасы Ж.Н. Баишев, ЕАЭО Сотының судьялары  В.Х. Сейтімова және Д.Г. Колос, қазақстандық ғалымдар, шет елдер ғылыми қауымының өкілдері, және Институт қызметкерлері қатысты (Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің басшысы М.Ж. Куликпаева, Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері А.С. Иржанов, Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкерлері Д.Б. Абдильдина, А.М. Айтуарова, Д.О. Салыкова).

Еуразиялық кеңістікте құқық үстемдігінің неғұрлым өзекті мәселелеріне арналған секция аясында баяндамалармен сөз сөйлегендер В.Х. Сейтимова (баяндама «Құқық үстемдігі және сот төрелігіне қол жеткізу: еуразиялық азаматтық қызмет») және Д.Г. Колос (баяндама «ЕАЭО аясындағы мемлекетаралық қатынастарда құқық үстемдігін қамтамасыз ету: Сот рөлі»)

Аталған секцияның қорытындылау барысында Р.Қ. Сәрпеков Еуразиялық Экономикалық Одақ құқығының неғұрлым өзекті мәселелерін қызықты талқылауы үшін алғысын білдіріп, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ЕАЭО органдарымен және ұлттық, шет елдер ғылыми мекемелерімен одан әрі ынтымақтастық жасасуға дайындығын білдірді.  

Конференция қорытындысы бойынша конференция қатысушыларына сертификаттар беріліп, ғылыми мақалалар жинағы жақын арада баспадан басылып шығады.