Анонс

You are here

2021 жылғы 29 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ғылымға Еңбегі сіңген қайраткер С.З. Зимановтың 100 жылдығына арналған «Академик С.З. Зиманов: өнегелі өмірі және ғылыми жетістіктері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр.
Оны еске алуға арналған конференцияға Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, білім беру ұйымдары, Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Конференция ZOOM платформасында онлайн форматта өтеді.
Конференция қорытындысы бойынша «ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институтының хабаршысы» журналының арнайы шығарылымын шығару жоспарлануда.
Анықтама телефоны: 8 (7172) 266-120, e-mail: kairbaeva.l@zqai.kz