БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

You are here

   
 
2020 жылдың 20 ақпанында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат Институты директоры Сәрпеков Рамазан Құмарбекұлының басшылығымен, студия қонағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңес төрағасының Кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Әбішев Хабылсаят Әзімбайұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «ҚР Конституциясы: бірлік, тұрақтылық және өркендеу» тақырыбында www.zan.kz сайтында онлайн-вебинар өткізіледі.
Вебинардың мақсаты-Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан Конституциялық реформаларға және олардың Қазақстанның құқықтық дамуының қазіргі кезеңіндегі маңызына қатысты пікір алмасу.
Вебинар барысында билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлудің тиімділігі мен мақсаттарына, экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, ұйымдастырушылық және құқықтық принциптерге, алғышарттарға, іске асыру тәртібіне, сондай-ақ жүргізілген конституциялық реформалар шеңберінде қол жеткізілген нәтижелерге талдау жүргізу жоспарлануда.
Вебинардың соңғы бөлімінде қатысушыларға өздерін қызықтыратын сұрақтарды қою мүмкіндігі беріледі.
Вебинарға қатысу үшін сілтемеден өтініз: https://zan.kz/kk/document/webinarbyid?id=2.
Қатысу сұрақтары бойынша 57-51-62, +7-701-12084-06 телефондарына хабарласуға болады.