БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

You are here

«Қазақстан Республикасының конституциясы-қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу туралы
БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ
 
Заңнама және құқықтық ақпарат институты Әділет министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қолдауымен 2020 жылдың 26 тамызында Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының конституциясы-қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция
(бұдан әрі – Конференция) өткізу жоспарланған.
Конференция Қазақстан Республикасында жүргізілген конституциялық реформалар мен конституциялық-құқықтық қатынастар саласында қабылданған заңнамалық актілерді жан-жақты талқылауға, сондай-ақ конституциялық заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында жаңа идеялар мен тәсілдерді іздеуге арналған.
Әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, конференцияға қатысушылардың денсаулығын және әл-ауқатын қорғау үшін бейне-конференц-байланысты пайдалана отырып, іс-шараны тікелей-сырттай түрде өткізу туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойына орай конференцияға қатысушылардың мақалаларын жинаққа басып шығару жоспарланып отыр, олар мынадай секциялар бойынша орналастырылатын болады:
1. Мемлекеттілікті нығайтудағы конституциялық реформалардың рөлі мен маңызы.
2. Әкімшілік әділеттің конституциялық-құқықтық реттелуі.
3. Азаматтық құқықтық қатынастарды құқықтық реттеудің конституциялық негіздері.
4. Қылмыстық заңнаманың конституциялық-құқықтық негіздері.
Осыған байланысты ғалымдарды, сарапшыларды және практиктерді Конференция жұмысына, жоғарыда көрсетілген жинаққа ғылыми мақалаларды мына электрондық мекенжайға tulepbaeva.a@zqai.kz жіберу арқылы қатысуға шақырамыз.
Жинаққа енгізуге арналған мақалалар 2020 жылдың 30 маусымына дейін қабылданады.
Конференцияның материалдарына қойылатын талаптар қоса беріледі.
 
 
 

 

Файлы: