БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

You are here

Қазақстан Республикасының 2020 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған
құқықтық саясат Тұжырымдамасының жобасына енгізу үшін ұсыныстарды талқылауға арналған
онлайн-сараптамалық кездесу
 
2020 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты (бұдан әрі – Институт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлесе отырып, цифрлық платформаларды және ақпараттық технологияларды (ақпараттық жүйелерді құқықтық реттеу (ақпараттық массивтер, деректер базасы және ақпараттық қызметтер, жасанды интеллект және т.б.) саласындағы мәселелерді 2020 жылдан бастап 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) жобасына енгізуді талқылау бойынша онлайн-сараптамалық кездесу өткізді.
Сараптамалық кездесудің мақсаты - Тұжырымдама жобасына енгізу үшін қазақстандық ғалымдар әзірлеген ұсыныстарды бірлесіп талқылау, сондай-ақ ұлттық заңнаманы одан әрі дамыту мәселелері бойынша сараптамалық пікір алмасу.
Сараптамалық кездесу жұмысына мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өкілдері, Институт қызметкерлері, сондай-ақ қазақстандық сарапшылар қатысты
Сараптамалық кездесудің модераторы «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» АҚ adjunct assistant professor, PhD, Еңбек және корпоративтік құқық ҒЗИ директоры М.Х. Хасенов сөз сөйледі.
Іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаменті директорының м.а. Д.А. Сүлейменов сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекеттілігін нығайту үшін әзірленген Тұжырымдаманың маңыздылығын атап өтті.
Өз сөздерінде қазақстандық сарапшылар, атап айтқанда «Documentolog» ЖШС Бас директоры Б.Б. Канафин, Қазақстан Республикасының ақпараттық технологияларды дамыту қауымдастығының Президенті А.В. Дорошенко,– «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры -басқарушы директоры Ш.С. Темір цифрлық және ақпараттық технологиялар заңнамасын одан әрі жетілдірудің өзекті мәселелерін қозғады. «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығының атқарушы директоры, з.ғ.к. Е.С.Бычкова және Қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығының Президенті Н.К. Исин өздерінің конструктивті ұсыныстарымен бөлісті.
Заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Құқықтық мониторинг орталығының бас ғылыми қызметкері С.И. Климкин талқылау шеңберінде ақпараттық заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтіп, оның дамуының негізгі бағыттарын атап өтті.
Сараптамалық кездесудің қорытындысы бойынша Әділет министрлігі Заңнама департаменті директорының м.а. Д.А. Сүлейменов қорытынды сөз барысында тұжырымдама жобасына жасалған ұсыныстар мен оларды талқылауға белсенді қатысқаны үшін барлық қатысушыларға алғысын білдірді.
Талқылау қорытындысы бойынша сарапшыларға одан әрі зерделеу және жаңа кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасына енгізу үшін қосымша ескертулер мен ұсыныстар беру ұсынылды.