Еңбек ардагерлерімен кездесу

You are here

ҚР ӘМ Заңнама және құқықтық ақпарат институтында 30 желтоқсан ҚР Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай еңбек ардагерлерімен кездесу  дәстүрге айналған.  Осы жолы да кездесу жылы және достық жағдайда өтті. Шай ішу рәсімі ұйымдастырылды, себебі кәсіби мейрам Халықаралық қарттар күні қарсаңында өтеді.  Р.Қ. Сәрпеков ардагерлерді құттықтады, оларға денсаулық пен амандық тіледі.
 
2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланған, сондықтанда кездесуге кәсіпорынның жас қызметкерлері де қатысты, олар белсенді сұрақтар қойып отырды, ал аға буын өкілдері өздерінің білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті. Үздік дәстүр сабақтастығы іс-шараның арқауы болды.  Біздің еңбек ардагерлерімізге, зейнеткерлерімізге тәлімгерліктері үшін алғыс айтамыз!